АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. Жаңа жылдың бірінші күні "Қазастан темір жолы" ҰҚ" АҚ қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектесті деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.
"Қазастан темір жолы" ҰҚ" АҚ хабарлағандай,1 қаңтарда Қостанай-Алматы бағытымен жүріп келе жаткан пойыз Астана станциясында тоқтап тұрған еді. Көп үзамай теміржол вокзалының медицина бөлімшесіне босанайын деп жатқан келіншек жеткізілді.
Арайлым Асқарбекова күйеуімен және екіжасар баласымен Қостанайдан Тараздағы туысқандарына жол тартып келе жатқан еді. Пойыздың жолсерігі Виталий Кайгородов оның дімкәстігін көріп, тез арада пойыз басшысы Айнаш Қусаинова мен Астана станциясының теміржол вокзал басшысының кезекші көмекшісіне Оксана Джигаринаға хабарлады.
"Ойлануға уақыт болмай, жедел түрде пойыз жолсеріктері келіншекті вагоннан зембіл көмегімен теміржол вокзалының медицина бөлімшесінің кезекші медбикесіне Гульляззат Артықбаеваға жеткізді. Сағат 11.00-де кішкентай сәби дүниеге келді. Жетіп келген жедел жәрдем бригадасы барлық қажетті медициналық көмек көрсетті", — деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.
Сәби мен оның анасы аман-есен перинаталдік орталыққа жеткізілді.