АСТАНА, 31 нау – Sputnik. Адиля Юсупова ұшу мен қонақ үйлерге жүз мыңдаған теңге жоғалтып, абыржып қалды. 26 наурыз күні әйелді отбасымен бірге литвалық шекарашылар Вильнюс әуе жайында ұстап, содан кейін елден шығарып жіберді. Әйелдің сөзіне қарағанда, оларға ешқандай түсінік бермеген.
Үш тәулік жол мен күйзеліске айналған саяхаттың мән-жайын алматылық әйел Sputnik Қазақстан телефон арқылы баяндап берді. Әйелдің айтуынша, автобөлшектермен айналысатын оның жұбайы Вильнюске іс-сапарға жиналған. Ол демалыс болғандықтан балаларын алып, күйеуімен бірге аттанбақ болған. Консулдықтағы әңгімелесуден ейін бүкіл отбасы шенген визасын алып, қонақүйден бөлме брондайды. Олар екі күнін Вильнюсте өткізіп, шамалы уақытқа Франкфуртқа баруды ойластырады. Алайда, Литва астанасына келгенде проблемалар басталады: жергілікті шекарашыларға қазақстандықтардың құжаттары ұнамай қалады. Атап айтқанда, балалар мен ата-анасының тектері әртүрлі болғаны, сонымен қатар өздерімен туу туралы куәліктерінің болуы сұрақтар туғызды.
"Бізді бір даладан келген қаңғыбастар секілді қорлады. Бізді ешкім тыңдамады да: "Бұл Шенген, бұл Шенген, сіздер ештеңе түсінбейсіздер!", деп айғайлады. Мені тыңдаңыздар – деймін… Ешкім құлақ асқысы келмеді. Бір ер адам: "Сіздер не мұнда Шенген екенін білмейсіздер ме? Ал сіздер мұнда келіп тұрсыздар!", — деді. Көп жері есімде жоқ.Көрсетілген жәбірден жылап жібердім. Балаларым еш нәрсе түсіне алмай жылады", — осылай бастады өзінің Еуропаға сәтсіз аяқталған саяхаты туралы әңгімесін Адиля Юсупова.
Әйел кісі осы уақытқа дейін не болғанын білмейді, алайда оны балалары және күйеуімен бірге әуежайдың жертөлесіне алып барып, қамап қойған. Қамауда болған 16 сағатта не су, не тамақ ішпеген.
"Су ол жерде краннан болды. Тек унитаз бен бесеуімізге бір диван ғана болды. Ауа мүлдем жоқ. Мен балаларымды қатты аядым! Кейіннен таңғы сағат бесте бір шекарашы есікті ашты. Дегенмен олар басшылық келіп, бізбен сөйлеседі деп уәде еткен. Бір еркек келіп: "Киініңдер отырғызу басталды, сіздерді кері қайтарамыз", — деді. Осылайша біз Киевке жетіп алдық. Ары қарай қалай жетеміз деп сұрап едім. Ары қарай өз есептеріңізден қайтасыздар", — деп айтып берді Адиля.
Осылайша, Литва билігі екі жаққа да сатып алынған билеттерді жойып, отбасыны Киев әуежайына тастап кеткен. Киевтен Алматыға туристер өз қаражатымен қайтқан. Бұл "күйіп кеткен" шығынның бір бөлігі ғана. Юсупованың отбасы билеттерді Алматы – Вильнюс – Франкфурт – Вильнюс – Алматы бағыты бойынша сатып алған. Бұдан бөлек қонақ үйден 10 тәулікке орын сатып алып қойған. Әзірге әйел Киев арқылы жоспарланбаған қайтуды есептемегенде шамамен 740 мың теңгенің кеткенін айтты. Бірақ мәселе тек ақшада емес, әйел енді Еуропаға кіре алмай қаламын ба деп қорқады. Литвалық шекарашылар визаға "жойылды" деген мөр басып қойған.