Қоғам

ЭКСПО-2017 көрмесіне қанша билет сатылды

© Sputnik / Ксения Воронина"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркінбаев
Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркінбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық көрменің басталуына 74 күн қалды. Қазіргі таңда сатылған билеттер мен оларды сатып алу үшін жасалған келісімшарттар саны 650 мыңнан асыпты, бұл көрсеткіштің 13%-ы шетелдіктер деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркінбаев
Реализовано более 650 тысяч билетов на ЭКСПО-2017

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сату биылғы көктемде Қазақстан өңірлері мен Ресей Федерациясының ірі қалаларында басталды. 

Қазақстанда барлық облыс орталықтарында орналасқан 17 ресми кассадан, 15 "Меломан" сауда желісі дүкенінен және Қазпошта бөлімшесінен билеттер сатып алуға болады. Көрме сайты арқылы билеттерді онлайн сату былтырғы жылы 10 маусымда басталған. 

"Бұдан бөлек, Ресей Федерациясының бірқатар өңірінде ЭКСПО-2017 кассаларын аштық. Мысалы, Мәскеуде кассамыз РФ астанасының дәл орталығында орналасқан, Петербургте – Кассир.Ру кассасында.  Казань, Нижний Новгород, Екатеринбург, Новосибирск, Сочи қалаларындағы ірі сауда орталықтарында да бар. Басқа елдерде де кассалар ашуды жоспарлап отырмыз", — деп атап өтті Дәулет Еркінбаев.

Жаңалықтар
0