АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтеді деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің президенттері қатысатын бұл отырыс 13-14 сәуірге жоспарланған.
Отырысқа Армения президенті Серж Саргсян, Белоруссия президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин қатысады.
ЖЕЭК бұрынғы отырысы 2016 жылы желтоқсанда Мәскеу қаласында болған еді.