Өңірлер

Павлодар облысындағы су шайып кеткен теміржол телімі қалпына келтірілді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміржолды су басу қаупі пойыз қозғалысына кедергі болған жоқ

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Теміржол телімінің залалданған қауіпті тұсында қозғалыс дер кезінде тоқтатылған деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі.

Теміржол вокзалы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Теміржолдарды су шайып кеткендіктен, пойыздар Ресей аумағы арқылы өтетін болды

Бұдан бұрын хабарланғандай, 30 наурызда Павлодар облысында Дегелең –Май қума жолында теміржолды су басу қаупі туындады. Теміржолшылардың жедел әрі қырағы әрекетінің нәтижесінде пойыз қозғалысы мен жолаушылардың өміріне аса қауіпті апатты жағдайдың алды алынды. 

Қазіргі таңда теміржол жағалауын бекіту шаралары аяқталып қалды. Тасқын су залалын жою шараларына Павлодар, Семей станцияларының қалпына келтіру пойыздары кірісті. Қазіргі таңда теміржол бойында 140 еңбеккер жұмыс істеуде. Шпал, қойтастары, рельстер тиелген 100 теміржол платформалары, 2000 құм толтырылған қапшық, теміржол құбырлары жеткізілді.

Павлодар, Семей жол бөлімшелерінің мамандары пойыз қозғалысын жедел қалпына келтіру шараларын қадағалауда.

31 наурызда 11:03-де пойыздың жоспарлы қозғалысы ашылды.

Жаңалықтар
0