Қоғам

Теміржолдарды су шайып кеткендіктен, пойыздар Ресей аумағы арқылы өтетін болды

© Sputnik / Ксения ВоронинаТеміржол вокзалы
Теміржол вокзалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар облысында теміржолдарды су шайып кеткендіктен, жолаушылар пойызының жолдағы уақыты біраз ұзарады

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жолаушылар пойызының бағдары өзгертілді деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

су басу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды суға кетіп жатыр

Ұлттық теміржол тасымалдаушысының мәліметінше, 30 наурызда Павлодар жол бөлімшесінің Дегелең-Май қума жолында тасқын су теміржолға залал келтірді. Соған байланысты №31 "Алматы-1-Павлодар", №376 "Астана-Лениногор", №67 "Защита-Астана", №68 "Астана-Защита" жолаушылар пойыздарының бағдары өзгеріп РФ аумағындағы "РТЖ" ААҚ-на қарасты Құлынды және Локоть станцияларымен жүре бастады. 

Пойыздардың жолдағы мерзімі орташа алғанда 16 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін.

Тасқын су салдарын жоюға арнайы штаб құрылды. Оқиға орнында 120 теміржолшы мен 63 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда "ҚТЖ" ҰК" АҚ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға салдарын қысқа мерзімде, жедел жою қарастырылып жатыр.

Жаңалықтар
0