АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстанда халифатты насихаттаған "Таблиги Джамаат" діни қозғалысының жақтаушысы тоғыз айға сотталды деп хабарлады елордалық прокуратура жұма күні.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК 405 бабының 2-бөлігімен айыпталған Т. қатысты қылмыстық ісі қаралды.
"2013 жылдан 2015 жылға дейін сотталушы К. өзінің әрекеттерінің құқыққа қайшылығын біле тұра, "Таблиги Джамаат" ДБ-ның мүшелерін көбейту мақсатында көзқарастарын таратып, бірнеше рет "дағуаттар" өткізген, оның мақсаты "Таблиғи Джамаат" ДБ-ның көзқарастарын жеткізу болған. Ол ұйымның негізгі мақсаты мемлекетте "Халифат" өткізу екендігін анық білгендігі анықталды", — хабарлады прокуратура.
Сот үкімімен Т. кінәлі деп танылып, 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны қоныс колониясында өтеу белгіленді.