Оқиға

Ақмола облысындағы ірі жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

© Photo : очевидцыЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысында боран салдарынан болған ірі жол апатында алты адам зардап шеккен

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Ақмола облысында тас жолда он бір автокөліктің соқтығысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук Sputnik Қазақстан агенттігіне.

күре жол - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның бірнеше облысында жолдар жабық

Бұдан бұрын хабарланғандай, 30 наурыз күні сағат 17:00-де Аршалы ауданы аумағындағы Алматы-Екатеринбург жолында ірі жол апаты болған. Боранның салдарынан жол дұрыс көрінбей, Hyundai, Volkswagen, Mercedes және "КамАЗ" көліктері соқтығысыпты. 

Барлығы 11 автокөлік соқтығысқан. Алты адам әр түрлі жарақат алып, Астана ауруханаларына жеткізілді. 

Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0