АСТАНА, 31 нау – Sputnik. Жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты Қазақстанның бірнеше облысында автожолдар жабылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің сайты.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) 30 наурыздан бастап, Астана-Щуче республика маңызындағы жолдар – Қарағанды облысының шекарасы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.
Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолының 108-232 шақырымында, Әулиекөл кенті нен Ақмола облысының шекарасына дейін көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Ақмола облысында сағат 11.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) мына жолдарда: "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 232-260 км., Қостанай облысынан Сұрған кентіне дейін; "Жақсы-Есіл-Бұзұлық" 0-82 км; "Жезқазған-Петропавл" 377-552 км., Қостанай облысы шекарасынан Сұрған кентіне дейін жабық
"Екатеринбург-Алматы" 856-917 км, Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Жақсы кентіне дейін; "Астана-Петропавл" 18-230 км., Астанадан Щучинскіге дейін; "Көкшетау-Атбасар" 4-184 км, Көкшетаудан Атбасарға дейін; "Екатеринбург-Алматы" 917-1003 км., Жақсы кентінен Атбасарға дейін жолдар жабық.
"Екатеринбург-Алматы" 1006-1247 км., Атбасар-Астана; "Көкшетау-Рузаевка" 0-61 км, Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін; 11.«Астана-Петропавл 231-341» км., Щучинскіден СҚО шекарасына дейін; 12. "Көкшетау-Омбы" 2-50 км. Көкшетаудан СҚО шекарасына дейін; "Макинск —Ақсу-Торғай" 0-240 км.Макинкіден Торғайға дейін қозғалысқа шектей қойылды. Ауа райының нашарлауына бейланысты «бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Қарағанды облысында мына жолдарда: "Жезқазған-Петропавл 24-252 км., Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін; "Екатеринбург-Алматы" 1353-1424 км. Ақмола облысы шекарасынан Ақтау өтпежолына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.