АСТАНА, 31 нау – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты екпінді жел күтіледі, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20м/с, екпіні 25м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с аса күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде жел 15-20, екпіні 25 м/с кей жерлерде 30 м/с күшейеді, кундіз кей жерлерде 15-20 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады,
Павлодар облысының кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында 30- м/с аса жел күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде15-20 м/с, кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, туман, коктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күшейеді, таңертең тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді