АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. "СК-Фармация" ЖШС монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 млр. теңге мөлшерінде айыппұл төледі деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жүргізілген тергеудің қорытындысы бойынша "СК-Фармация" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.
Тергеу кезінде "СК-Фармация" ЖШС 2010 жыл мен 2015 жыл аралығында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрі-дәрмектер мен медицинада пайдаланылатын құралдарды сақтау және тасымалдау қызметін сатып алуды бір лотпен өткізген, осылайша "СТОФАРМ" ЖШС осы қызметтердің монополисі ретінде жасағаны анықталды.
"Соттың "СК-Фармацияға" салған айыппұл сомасы шамамен 1,3 миллиард теңгені құрады. 2017 жылғы 16 наурызда "СК-Фармация" ЖШС әкімшілік айыппұлды мемлекеттің бюджетіне толық көлемде төледі", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.