АСТАНА, 31 нау – Sputnik. 30 наурыз күні таңертең Өскеменнің Ульбин және Октябрь аудандарында апаттық электр қуаты сөндірілді, деп жазады өңірлік YK-news.kz басылымы.
Өскеменнің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Асқар Жақсылықов пен "ВК РЭК" АҚ төрағасының орынбасары Руслан Қарманов болған оқиғаның мән-жәйін ашты.
Руслан Қармановтың сөзіне қарағанда, апаттың негізгі себебі техниканың тозуында болған. Өңірдегі жоғары вольтты қондырғыны алпысыншы жылдардан бері қолданыста екен. Техника істен шығып, тұтана бастаған. Компания қызметкерлері өртті шұғыл қызметтердің көмегінсіз өздері сөндірген.
"Қосалқы станциялардың бірінде ажыратқыш багында май шығарумен өрт шықты. Оны жою үшін, жұмыстардың қауіпсіздігі үшін тағы төрт қосалқы станция тоқтан ажыратылды", — деді Қарманов.