АСТАНА, 30 нау – Sputnik. Өскеменде жаппай электр қуатының өшуіне себеп болған ақаулықтар кешке дейін жойылатын болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясынан.
Компания өкілінің атап өтуінше, бейсенбі күні таңертең қалада жарық сөнген.
"Бір станцияда ақаулық шықты, сондықтан бүкіл қала электр қуатынан ажыратылды. Қазір ақаулықтардың бір бөлігі жойылды. Қаланың жартысына жарық берілді, екінші жартысы қалып отыр", — деді компания өкілі телефон арқылы.
"Бүгін желі толық қалпына келтіріліп, бүкіл қалаға жарық беріледі", — деп түйді компаниядағылар.