АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қарағандыда бейсенбі күні терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
"Бүгін 2017 жылғы 30 наурыз күні Қарағанды қаласы аумағында терроризм актісін тоқтатып, оның салдарын жою бойынша антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді", — делінген хабарламада.
Ведомство атап өткендей, бұл іс-шараның мақсаты Қарағанды қаласы терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабының күштері мен құралдарының өз міндеттерін орындауға дайындығын тексеру болып саналады.
"Оқу-жаттығуда әртүрлі күрделі элементтер бар, соғыс жағдайына барынша ұқсатып өткізіледі. Сол себепті қаланың бірқатар көшесі жабылуы мүмкін", — дейді полицияда.
Сол себепті билік өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрайды.