АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Жұма күні Атырауда антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді деп хабарлады Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығулар "Дина" гипермаркеті ауданында болады және мүдделі қызметтердің төтенше жағдайларға әскери дайындығын тексеруге бағытталады.
"Осы орайда қала халқы мен қонақтарын үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырамыз", — деп өтініш білдірді ІІД.