Қоғам

Ірі қалалардың жұмыспен қамту орталықтарында электронды кезек енгізілді

© Sputnik / Болат Шайхиновкезек
кезек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері енді ХҚКО-да отыратын болады, жұмыс іздеген адамдар сонда жүгіне алады.

АСТАНА, 30 нау — Sputnik.  Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан жұмыспен қамту орталықтарында электрондық кезек енгізілді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жыл аяғына дейін электрондық кезек еліміздің барлық облыс орталықтарындағы ЖҚО-ларда іске қосылатыны хабарланады. 

ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана және Алматы ХҚКО-лардың жүктемелігін онлайн тәртібінде бақылауға болады

Сонымен қатар, 172 халыққа қызмет көрсету орталығында (әрі қарай – ХҚКО) жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері үшін 206 жұмыс орны құрылып үлгерді. Бұл дегеніміз, жұмыс іздеген әр жан, енді ХҚКО мекемелеріне де бара алады. Жақын арада ЖҚО мамандары қалған 98 ХҚКО-ларда да қажетті әрекеттерге кіріседі.

Еске сала кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әрі қарай – ЕХӘҚМ) жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимыл сипатын өзгертуде. Аталған орталықтарда, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді дербес ескерген райда, азаматтардың әлеуетін көтеруге бағытталған жаңа қызмет көрсету стандарттары пайда болмақ. Жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекеме дәрежесінен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын түріне ауыспақ. Осы арқылы, жекеменшік саладағыдай, ЖҚО қызметкерлерінің еңбекақысын түпкі нәтижеге қарай төлеуге жол ашылады. 

Осымен бірге, жаңа компьютерлермен жабдықтау, бағдарламалық кешендер орнату аясында, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері министрліктегі барлық ақпараттық жүйелерге және эталондық қорларға қол жеткізеді. 


Жаңалықтар
0