АСТАНА, 29 нау — Sputnik. Астана сауда үйлерінің бірінде банкоматты тонап кеткен ұрыларды анықтай алмай жатқанына екі жыл болды. Банктік мүлік сақталған «Еуразия» сақтандыру компаниясының хабарлауынша, қаскүнемдер банкоматты ашып, оның ішінен 13 миллион теңге ұрлап кеткен.
"Ол "Еуразиялық банк" АҚ банкоматының сейфтік бөлімінен код пен кілтті теру арқылы ашылған. Бұзақылар 13 миллион теңгеден астам қолма қол ақша алып кетіп, 500 мың теңгеге дерлік сомаға банкомат жабдығын бұзып кеткен. Келтірілген зиянның жалпы сомасы 13,8 миллион теңгені құрады", — делінген хабарламада.
Полицияда осындай деректік тіркелгенін растап, бірақ қаскүнемдерді іздестіру 2015 жылдан бері жүргізіліп отырылғанын айтты.
"Оқиға 2015 жылы болған. Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана ішкі істер департаментінде.
Бірақ қылмыс ашылмаған күйінде қалатын сияқты.