Қоғам

ҚР Бас прокуроры: ұрылардың барар жері, басар тауы қалмауы тиіс

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАвтомобильные воры
Автомобильные воры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері жасалған ұрлықтардың төрттен үші ашылмай келеді

АСТАНА, 27 нау – Sputnik. Дмитрий Покидаев. Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов дүйсенбіде ұрыларға ұрланған затты өткізуге мүмкіндік беретін ломбардтар мен базар иелерінің жауапкершілігін күшейтуге қол жеткізуді уәде етті. 

Парфюм - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Әсемдікке құштарлық: Астанада иіссу дүкенінің күзетшісі ұрлық жасап сотталды

Республика бас прокуратурасының деректеріне сәйкес, 25 жылда елімізде 2 миллионнан астам ұрлық орын алған. Оның 1,5 миллионы ашылмай қалды. Ұрлық жалпы қылмыстың 60% құрайды. Тек соңғы 5 жылда ұрлықтан келген шығын 70 миллиард теңгеден асып кеткен. 

Осы орайда Жоғарғы қадағалау орган Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті  қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің дйсенбідегі жеке отырысын қылмыстың осы түріне арнады.

Ал отырыстың қорытындысын шығарған бас прокурор Жақып Асанов: "Мен мұны кәсіп (ұрлық) еткендерге жүгінгім келіп отыр: біз қазір шын мәніне бірігуді көздеп отырмыз, өйткені мәселе барлық қылмыстың 64%-ында болып тұр. Олардың барар жері, басар тауы қалмауы тиіс!", — деп мәлім етті. 


Жаңалықтар
0