АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі қазақстандық тараптың кесірінен Астанада өтпеуі мүмкін деп хабарлады GGG командасының мүшесі Жанар Өтешова The Steppe басылымына.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында 17 маусымда Астанада өткізуі тиіс болатын.
"Алып-қашпа әңгімелер тарап кетті. Жекпе-жектің біздің елімізде қашан өткізілетіні әлі белгісіз. Бұл мәселе туралы басқа адамдар әртүрлі мәлімдемелер айтып, Головкиннің атын пайланып, өздерін танытқысы келеді. GGG командасы қолынан келгеннің бәрін жасады. Алайда кештің өтуі-өтпеуі Қазақстандағы ұйымдастыру мәселелерінің кесірінен белгісіз болып отыр", — деп хабарлады Өтешова.