АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Геннадий Головкин мен Давид Лемье жекпе-жегін бейнелеген қазақстандық суретші әрі мүсінші Рүстем Әлжановтың суреті аукционға шығарылды.
Майлы бояумен салынған суреттің бастапқы бағасы 1000 доллар деп бекітілген.
"Посвящение боем" атты сурет қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Лемьені жеңгеннен бері бір жарым жыл өткен соң сатылымға шығарылды.
Кәсіби боксшылардың жекпе-жегі сегізінші раундта техникалық нокаутпен аяқталған еді. Рүстем Әлжанов қазақстандықтың атақты апперкот соққысын бейнелепті.
© Photo : Рүстем Әлжановтың жеке мұрағатынан"Головкин-Лемье жекпе-жегі" суреті
"Головкин-Лемье жекпе-жегі" суреті
© Photo : Рүстем Әлжановтың жеке мұрағатынан