АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. "Ақтөбе" мен "Ордабасы" матчының соңында көрермендер турнирдің ресми өкілдеріне тіл тигізіп айғайлаған. Тәртіптік бақылау комитетінің қаулысына сәйкес, "Ақтөбе" футбол клубы жанкүйерлерінің тәртіпсіздігі үшін жауап беруге мәжбүр.
"Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік регламентінің 136-бабы бойынша жанкүйерлердің ресми өкілдерге тіл тигізгендігі үшін "Ақтөбе" футбол клубына 300000 теңге көлемінде айыппұл салынды", — деп жазылған комитет шешімінде. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.
Футболшылардың өзі де матч кезінде тәртіп сақтамаған екен. "Ордабасы" футбол клубының бес ойыншысы алаңда ескерту алғаны үшін 150000 теңге айыппұл төлейді.
"Тараз" футбол клубы да айыппұлдан құр қалған жоқ. Бұл жолы матч түсіріліміне қойылатын талаптар бұзылған екен.