Оқиға

Қарағанды облысында көлік апатынан бес адам қаза тапты

© SputnikЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысында тас жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бес адам көз жұмды

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Қарағанды-Балқаш  автожолында жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Қазақстандықтар Башқұртстанда жантүршігерлік жол апатына тап болды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандықтар Башқұртстанда жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Полиция берген мәліметке сүйенсек, жол апаты 27 наурызда Ақсу-Аюлы ауылынан елу шақырымдай жерде болған. Бастапқы деректер бойынша, Audi A80 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке өтіп кетіп, Mercedes Sprinter көлігіне бетпе-бет соғылған. 

Жол апаты дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабына " Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" сәйкес тергеу жүргізілуде. 

"Жол апаты салдарынан Audi A80 автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды", — деп хабарлады Құдияров.

Қаза тапқандардың екеуі Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары.

Жаңалықтар
0