АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Башқұртстанда Кушнаренково ауданында қазақстандықтар жол апатына ұшырады деп хабарлайды Ufa1.ru.
Жергілікті жол полициясы қызметінің хабарлауынша, "Лада Приора" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, сүт таситын ГАЗ көлігіне соғылған.
Жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Оның екі жолаушысы – Қазақстанның 28 және 29 жастағы екі тұрғыны әр түрлі жарақат алған.