АСТАНА, 28 нау — Sputnik. 2017 жылдың 10 сәуірінен Астана қаласында мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар www.astana.kzпорталы арқылы электрондық түрде берілетін болады, деп хабарланады қала әкімдігінің ресми сайтында.
Бұл бағытта қызметті алушыларға 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін келесі әрекеттерді орындау керек:
- электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚО "Азаматтарға арналған үкімет" КАҚ жүгіну қажет);
- өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kz жүйесінде тіркелу;
- өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі) қажет. Байланыс мәліметтері Сіздің кезегіңіз келгені жайлы хабардар ету (хабарлама, ескерту хат) үшін керек.
Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.
Егер өтініш берушілердің балалары 2015 жылы дүниеге келсе, олар үшін 10 сәуірден, тиісінше 2014 – 12 сәуірден, 2013 – 18 сәуірден, 2012 – 21 сәуірден, 2011 – 25 сәуірден бастап мемлекеттік балабақшаға жолдаманы алуға мүмкіндік бар. Әрбір туған жыл үшін мемлекеттік балабақшаларға жолдамалардың берілуін күту мерзімі Пайдаланушыларға ескертпе жолданған сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Жолдама берілген күннен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға ұсынылуы тиіс.
Бос орындар бойынша ақпарат
2015 жылы туған балалар үшін 1240 бос орын бар;
2014 жылы туғандар үшін 2233 бос орын;
2013 жылы туғандар үшін 1340 бос орын;
2012 жылы туғандар үшін 1111 бос орын;
2011 жылы туғандар үшін 386 бос орын.
Жалпы Астана қаласы бойынша 6310 бос орын бөлу үшін бар.
Сіз толыққанды нұсқамамен e.astana.kz жүйесінде мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
Орындарды бөлу жұмыстары аяқталған соң, кезектің жылжу барысын Астана қаласы әкімдігінің www.e.astana.kz ресми сайтынан қарауға болады.
2017 жылғы 10 сәуірден бастап жұмыс тобы Қарталы көшесіндегі №61 мектепте автоматтандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оның жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 10:00-18:00 аралығында. Түскі үзіліс 13:00-14:00.
Оқырмандар назарына
Мемлекеттік балабақшалар 2017 жылдан бастап қызметтің автоматтандырылуына байланысты бос орындар бойынша өтінімдерді Астана қаласының Білім басқармасына емес, Жүйеге жолдайды.
Егер бала үш жасқа толып, мектепке дейінгі мекемеге кезегіңіз келмесе, онда мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшадан; төрт жастан бастап шағын орталықтардан орын алуыңызға болады. Бос орындар туралы барлық ақпарат e.astana.kz жүйесінде орналастырылған.
2017 жылғы 27 наурыздан бастап 7 сәуірге дейін Қарталы көшесіндегі №61 мектепте жеңілдікке ие азаматтар арасында балабақшаларға бос орындар бөлінеді. Бұл санатқа ҚР БҒМ 25.02.2016ж. №58 бұйрығына сәйкес келесі тұрғындар кіреді: заңды өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар саналатын балалар; ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; әскери қызметшілердің балалары; арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Жолдауында сандық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау, білім беру салаларында да дамыту, "Сандық Қазақстан" жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау тапсырылды. Елбасы Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге баса назар аударды: автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, "ауқымды мәліметтер" алмасу, тағы басқа міндеттер.
2017 жылдың 5 қаңтарынан Астанада балабақшаға жолдамаларды автоматты түрде беру жүйесі бері пилоттық түрде іске қосылып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшаларға электрондық жолдамалар берілді.
Егер балабақшаға кезегіңіз келсе (бос орындар бойынша ақпарат жоғарыда ұсынылған), бұл туралы хабарлама Сіздің көрсеткен электрондық поштаңызға және телефон нөміріне жолданады.
Егер балабақшаға кезегіңіз келіп, электрондық пошта арқылы хабарлама алмасаңыз, онда Сізге келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет:
- ЭСҚ арқылы e.astana.kz жүйесіне кіру;
- өтініштер журналына өту;
- егер кезегіңіз келсе, онда "Балабақшаны таңдау" батырмасын басқан кезде тізімде "Мемлекеттік балабақшаны таңдау" деген батырма шығады;
- "Мемлекеттік балабақшаны таңдау" батырмасын басып, тізімнен мектепке дейінгі ұйымды таңдау керек. Толық нұсқаманы мына сілтеме бойынша жүктей аласыздар.
Қосымша сауалдарыңыз болса, қолдау қызметіне хабарласыңыздар: тел.нөмірі — 8(7172) 46 67 56, электрондық пошта — akimat.itfactory@gmail.com