Қоғам

Астаналықтар үйлерінен шықпай балабақшаға жолдама алады

CC0 / / Женщина с ребенком
Женщина с ребенком - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2016 жылғы 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша, Астана қаласында 0 мен 6 жас аралығында 87947 бала бар, олардың ішінде 78606 бала мектепке дейінгі мекемелерден орын алу үшін кезекте тұр.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. 2017 жылдан бастап балалар бақшасына жолдама электронды түрде www.e.astana.kz порталы арқылы берілетін болады, соның арқасында кезек бүкіл халықтың назарында болады деп хабарлады Астана қаласы білім беру басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев брифинг кезінде.

Қазіргі уақытта электронды жүйе пилоттық режимде жұмыс істеуде, жекеменшік балабақшаларға жолдамалар мемлекеттік тапсырыспен беріледі. Мемлекеттік балабақшаларға жолдама беру үшін ата-аналардың байланыс деректер базасын іске қосу мәселесі қарастырылуда. Балаларды балабақшаларға бөлу жоғары буын топтары мектепке жіберілгеннен кейін орындалады (жылына 1 рет, сәуір мен мамырда).

2016 жылғы 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша, Астана қаласында 0 мен 6 жас аралығында 87947 бала бар, олардың ішінде 78606 бала мектепке дейінгі мекемелерден орын алу үшін кезекте тұр. 

3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектеп алды біліммен қамтамасыз ету деңгейі 2016 жылы 84,2%  құрайды. Қазіргі уақытта елордада 260 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оларда 49472 бала білім алуда. Олардың ішінде: мемлекеттік – 95; ведомстволық – 2; жекеменшік – 115; мини-орталықтар – 48.

 

Жаңалықтар
0