Қоғам

Жолдасбеков: телеарналар жыларман, қайғылы түрік фильмдерімен жалықтырды

CC0 / / Пульт дистанционного управления от телевизора
Пульт дистанционного управления от телевизора - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін жаңа телеарна көрерменге жол тартты

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Бүгін  Астанада "Хабар" агенттігінің құрамындағы жаңа "Ел Арна" телеарнасының тұсауы кесілді. Оның эфирінен тек отандық деректі фильмдер, шығармашылық ленталар мен сериалдар көрсетілетін болады.

Тұсаукесерге қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков жаңа арнаға үлкен үміт артылып отырғанын айтты.

"Жасыратыны жоқ, кейінгі кезде Қазақстанның телеарналарында ылғи бір баянсыз махаббат, тұрлаусыз өмір кешкен, жыларман, қайғылы түріктің фильмдерін көрсетумен  жалықтырды. Бітпейтін бір сондай фильмдерге тап болдық.  Халқымыз, әсіресе, ауылдағы халық сусап отыр. Қалада әйтеуір кинотеатрлар бар, ал ауылда олар жоқ.  Енді  асылдарымыз жайлы фильмдерді көретін боламыз. Халықтың көкейіндегісін таба білсеңдер, жаман болмайды. Несін жасырамыз, қазаққа қызмет ететін уақыт болды ғой. Өзгенің маңдайынан сипап, өзгені жетектеп, өзін жарқылқамай қалған халықпыз. Қазақты қазақтан басқа ешкім жарылқамайды. Сондықтан қазақтың маңдайынан сипап, арқасынан қағатын уақыт келді", — деді қоғам қайраткері. 

Мырзатай Жолдасбеков тұтас фильмге арқау болатын қазақта біртуар тұлғалар көп екенін атап өтті. 

Ырза Тұрсынзада - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Ырза Тұрсынзада: халықтың тарихи тамыры мен дәстүрі шетелдік брендтерден мықты

"Біздің тарихымызда небір тұлғалар бар. Даналарымыз туралы фильмдер түсірілсе деймін. Күлтегін батыр, бер жағында Бұқар жырау, кешегі халықты отырғызып, тұрғызған үш би туралы түсіруге болады. Бүгін Шәмші туралы фильмді көреді екенбіз. Мұқағали туралы да фильм түсірілсе жақсы болады", — деді ол. 

Жаңа телеарна әр түрлі жылдардың кинотаспаларын ұсынатын болады: "Қазақфильм" классикасынан бастап заманауи кинотуындыларға дейін, сонымен бірге мұрағаттық және көпшілікке аса мәлім бола қоймаған фильмдер. Бұдан бөлек, арнаның эфирін отандық режиссерлердің телехикаялары да толықтырады. 

"Ақпарат айдынына жол тартқан отандық жаңа арна "Ел арнаның" қадамы құтты болсын. Бүгінгі күні телевизия қоғамдық сананы қалыптастыруға ықпалы зор, қуатты құрал екені белгілі. Осы құралды ұлт мүддесіне, ұрпақ тәрбиесіне ұтымды пайдалана білу Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттерінің бірі. Көрермен қауымға тек қана өзіміздің отандық көркем және отандық деректі фильмдерді ұсынатын, халықтық арна осы мақсатта ашылып отыр. Алтын қорымызды ұрпақ игілігіне жаратуды көздеген жаңа арнаны біз елдің арнасы болсын деген ниетпен "Ел арна" деп атадық", — деді өз кезегінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. 

Жаңа арнаның тұсаукесері шеңберінде аты аңызға айналған композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы "Ән-Аға" толық метражды фильмінің премьералық көрсетілімі өтті. 


Жаңалықтар
0