АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Астана полициясы шетелдік азаматтардың заттарын ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны 26 наурызда сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кофеханада БАЭ және Бразилия азаматтарының ұялы телефондарын ұрлап кеткен.
Тергеу барысында күдікті ұрлығын мойындады. "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұялы телефондарды иелеріне қайтарып берді. Күдікті Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.