АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Қостанайлық полицейлер ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен бірнеше азаматты ұстады деп хабарлайды өңірлік "Алау" басылымы.
Күдіктілер қылмысқа алдын ала дайындалған: бизнесменнің үйіне көз тігіп, бірнеше күн бойы жүріс-тұрыстарын бақылайды. Сөйтіп, ол жоқ кезде үйін тонайды. Ұрланған қаражат пен алтынның жалпы құны 20 миллион теңге.
Бұл қаражатқа ұсталғандар алтын сатып алып, несиелерін төлеген және автокөлік алған.