АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Қазақстан футбол құрамасының ұшағы Ереван әуежайына қайта қонуға мәжбүр болған.
Шұғыл арада қонуға шассидің бұзылуы себеп болды деп хабарлады құраманың медиа-офицері Ербол Қайыров Twitter микроблогында.
Қазіргі уақытта жолаушылар басқа ұшақты күтіп отыр.
"Ұшақ командирі әуежайға қайтуға шешім қабылдады. Чартерлік ұшақ алмастырылған соң, Қазақстанға аттану жоспарланды", — деп түсіндірді Қайыров.