АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел тұрады, солтүстік облыстарда кей жерлерде төменнен соққан боран болуы ықтимал деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитет сайты.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде – тұман. Павлодар және Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман және көктайғақ болуы мүмкін.
Қостанай облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысында, түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Қызылорда облысында кей жерлерде – желдің екпіні 15-20 м/с.