АСТАНА, 26 нау — Sputnik. Болжам бойынша Қазақстан азаматы Санкт-Петербургтегі көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болған, деп жазады "Фонтанка".
Оның денесін үйдің маңында 25 наурыз күні сағат 14:25-те тапқан.
Қаза тапқан адам Қазақстанның 32 жастағы азаматы екені белгілі болды. Ол жалдап тұрған 13-ші қабаттағы пәтерден құлауы мүмкін.
Жігіт өлімінің нақты себебін медициналық сарапшылар анықтайды.
Полиция жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.