Саясат

Назарбаев Лондондағы терактіге байланысты көңіл айтты

© AFP 2024 / Niklas Halle'nАвтомобили аварийно-спасательных служб рядом со зданием парламента в Лондоне, где 22 марта 2017 года произошел теракт
Автомобили аварийно-спасательных служб рядом со зданием парламента в Лондоне, где 22 марта 2017 года произошел теракт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Презилдент Тереза Мэйге Лондон қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі Тереза Мэйге Лондон қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Теракт в Лондоне - Sputnik Қазақстан
Әлем
Лондон орталығында теракт болды

Жеделхатта Ұлыбритания Парламенті маңындағы террорлық акт салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза болғаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Бұл қастандық әрекетті бүкіл өркениетті әлемге қарсы бағытталған террорлық акт деп санаймыз. Біріккен Корольдіктің халқы мен үкіметіне, сондай-ақ зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, жеделхатта Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайтыны, халықаралық қоғамдастықты зұлымдықпен күресу үшін күш жұмылдыруға шақыратыны жөнінде атап өтілген.


Жаңалықтар
0