АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Лондон орталығында британ парламенті ғимараты маңында ер адам автокөлікпен адамдарды қағып, ғимарат жанындағы полицейге пышақ салған, нәтижесінде үш жаяу жүргінші мен полицей қаза тапты деп хабарлайды РИА Новости.
Кем дегенде тағы 20 адам зардап шекті. Лондонда болған оқиға теракт деп аталды. Шабуыл жасаған адамды полицей атып тастаған.
Лондондағы теракт салдарынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.
Бастапқы мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында Оңтүстік Кореядан келген бес турист және Лондонға экскурсияға келген француз лицейінің оқушылары болған.