АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Елизваета ІІ королеваға сенім грамтоталарын ұсынды деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Букингем сарайында болған салтанат барысында Ыдырысов Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Елизавета ІІ королеваны тақта отырғанына 65 жыл толуымен құттықтап, сенім грамоталарын ұсынды.
Кездесу барысында Қазақстан елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып жатқандығын атап өтті.
Елизавета ІІ Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланысты әрі қарай кеңейту мен нығайтудың маңыздылығына назар аударды.