Оқиға

Көкшетауда 20 жастағы қыз өз үйінде жасанды түсік жасаған

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка плачет
Девушка плачет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас қыз жарты жыл бойы туғандарынан жүктілігін жасырып келген

АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Көкшетау тұрғыны өз үйінде заңсыз түсік жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Ақмола облысы ішкі істер департаментінен хабарлады. 

Жаңа туған сәби - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкент көшесінде жаңа туған сәби табылды

Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, Ақмола перинаталдық орталығына 19 наурызда жиырма жастағы қыз жеткізіледі. Белгілі болғандай, ол үйде босанған. Ішкі істер департаменті жас қыздың үйде заңсыз туғанын растап отыр. 

"Қыздың ата-анасы оның жүкті екенін білмеген. Ауырып қалған қызын олар аурухана жеткізеді. Тек сол жерде ғана жүктілігіне 25-26 апта болған қыздың ешкімге білдіртпей үйде босанғаны анықталады. Баланың денесін ол шкафқа тығып қойған. Бұл факті бойынша «Заңсыз түсік жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр", — деді баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Сәбидің денесін полицейлер мәйітханаға жеткізген. Сараптама жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қыз ауруханада жатыр, оның хәлі қалыпты. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0