Оқиға

Шымкент көшесінде жаңа туған сәби табылды

© AFP 2024 / Dimitar DilkoffЖаңа туған сәби
Жаңа туған сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медициналық орталықтың маңынан табылған жаңа туған қыз ауыр халде жатыр

АСТАНА, 26 ақп – Sputnik. Шымкентте медицина орталығының маңында көшеден жаңа туылған қыз табылды, деп хабарлайды өңірлік TVK телеарнасы. 

Сәбиді Гагарин көшесінің бойында орналасқан медицина орталығының дәрігерлері мен күзетшісі сенбі күні таңертең тапқан. Қыз банкомат пен қоқыс багы арасында қанның үстінде, ал жанында ұрық жолдасы жатқан. Сол арқылы сәбиді анасының көшеде босанып, кетіп қалғаны туралы болжам жасауға болады. 

Жаңа туған сәби №2 облыстық перинатальдық орталықтың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Ол ауыр хәлде.

Бұл дерек бойынша полицияның ҚР ҚК-нің 119-бабы бойынша (Қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері медицина орталығының бейне бақылау камераларының жазбаларын алған. 


Жаңалықтар
0