Мәдениет

Батысқазақстандық Нұргүл Асанова "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы атанды

© Sputnik / Болат ШайхиновКонкурс "Қазақ аруы-2017"
Конкурс Қазақ аруы-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 16 ару қатысты

АСТАНА, 19 мар — Sputnik. Биылғы "Қазақ аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы Батыс Қазақстаннан келген Нұргүл Асанова болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұргүл Асанова Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 қыздың арасынан үздік деп танылды. 

Павлодар тұрғыны Виктория Петрова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Орыс қызы "Қазақ аруы" байқауында бағын сынамақ

Бірінші орынға қызылордалық Зуxра Сайпи иелік етсе, Ақтөбеден келген Гүлжанат Жұмажанова екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті қарағандылық Әйгерім Орынбекова жапты.

"Бұл мен үшін күтпеген жерден болды. Сезімдерім мен эмоцияларымды сөзбен жеткізе алмаймын", — деді байқау жеңімпазы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 19 жасар студенті. 

Сұлулар кешкі көйлектерде дефиле жасап, өз таланттарын паш етті. Мәселен Павлодар облысынан келген Виктория Петрова танымал әнші Алмас Кішкенбаевпен  қазақтың халық әні "Дударайды" орындады. Конкурстың жас қатысушысы алматылық Алина Мектепбаева Қыдырәлі Болмановпен дуэт орындады. 

Қазақстан аруы-2016 сұлулық конкурсы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сәтжан мен Нұрпейісов сұлулық конкурсының мәні туралы дауласуда

Кейбір конкурсанттар "Айман-Шолпан" пьесасы мен "Құртқа мен Қарлыға" диалогынан үзінді орындап өздерінің актерлік шеберлерін көрсетті. Өзгелер көрермендерді ыстық ел жағалауларына әкетіп, бразилия және испан билерін орындады. 

Конкурстың соңғы кезеңі тарих, әдебиет пен қазақтың әдет-ғұрыптары бойынша сұрақтар болды.

Қазылар алқасы құрамына сенатор Бырғаным Айтымова,  конкурстың бас продюсері Баян Есентаева, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, елордалық мәдениет басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов, журналист және продюсер Айгүл Мукей, тележүргізуші Динара Сатжан. Сондай-ақ әділ қазылар алқасына қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Астана циркінің директоры Ерік Жолжақсынов, әнші Беркут, дизайнер Аида Кауменова, ақын Қалқаман Сарин мен былтырғы "Қазақ аруының" жеңімпазы Альмира Ахатова кірді. 


Жаңалықтар
0