Қоғам

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

© Photo : пресс-служба министерства обороны РКҚазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде 18 бен 27 жас аралығындағы 16 мың азамат әскери қызметке шақырылады

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Қазақстанда әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны бастау алды деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.

Медициналық тексеру - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қорғаныс министрі Сағадиевке: әскерге шақырылатын жастардың көзі нашар көреді

2017 жылғы көктемде Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарына 1999-1990 жылғы 16 мыңнан астам азаматтарды шақыру жоспарланған. 

Шақырылушылар медициналық куәландыру мен әскери қызметке жарамдылығын анықтаудан өткізілетін өздері әскери есепке алынған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге бару қажет. 

Жасақтау осыған дейінгі тәрізді бұрынғы аймақтық қағида бойында жүзеге асатын болады. Яғни, шақырылушы әскери қызметін өткеру үшін басқа аймаққа жіберіледі. Әскер қатарына толықтырылатын жас азаматтарды іріктеу және әскери бөлімдерге таратып үлестіру кезінде олардың шақырылымға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

Ведомство хабарлағандай, шақыруды ұйымдастыру тәртібі мен медициналық куәландыру шаралары өткізу мәселелерін жедел түрде шешу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінде осы кезең аралығында арнайы "жедел желі" жұмыс жасайтын болады. Жауапты лауазымды тұлғалар азаматтардың қызығушылығын тудырған сауалдарына жауап беріп түсіндіреді. Мына телефон нөмірлері бойынша хабарласып кеңес алуға болады:8 (7172) 72-13-89 және 72-16-06. 

Жаңалықтар
0