Қоғам

Қорғаныс министрі Сағадиевке: әскерге шақырылатын жастардың көзі нашар көреді

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуМедициналық тексеру
Медициналық тексеру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаныс министрі Ерлан Сағадиевке өз шағымын жеткізді

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Бүгін үкімет отырысында Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке өз шағымын жеткізді. Оның айтуынша, әскер қатарына шақырылған жастардың көпшілігінің  көзі нашар көреді, сондықтан мектептегі интерактивті тақталардың сапасын жақсартудың амалдарын ойластырған жөн.

"Менің интерактивті тақталарға қатысты сұрағым бар. Бұл жақсы жүйе, бірақ әскер қатарына шақырылған жастардың басым бөлігінің көздері нашар көреді. Интерактивті тақталардың сапасын жақсартуға бола ма? Тақтаның балалардың көзіне зияны болмауы керек", — деді Жасұзақов. 

Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев Е-learning жобасына қанша қаржы жұмсалғанын айтты

Ерлан Сағадиев атап өткендей, бұл мәселеге министрлік көңіл бөліп отыр.

"E-leаrning"  жобасы аясында интерактивті тақталар салып алынған болатын. Олар өте қымбат. Тәжірибе барысында оның тиімсіз екені де анықталды. Біз осы жылы  11 мың бейне үштік құралын сатып аламыз. Бұл – проектор, экран және компьтер. Компьтерді біз сервер ретінде пайдаланамыз. Ал проектор мен экран интерактивті алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл балалар үшін қауіпсіз. Сонда-ақ, интерактивті тақталардан әлдеқайда арзан", — деп жауап берді министр.

Жаңалықтар
0