Қоғам

Сағадиев Е-learning жобасына қанша қаржы жұмсалғанын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрлан Сағадиев
Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Электронды күнделіктер нарықтан тегін алынады

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Е-learning жобасына 30 миллиард теңге жұмсалған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

"Жаңа деңгейде сандық білім беру ресурстарын дамыту маңызды. e-Learning жобасына 30 миллиард теңге жұмсалды. Мұны айту маңызды деп есептеймін", — деді Сағадиев.

27 миллиард теңге қондырғы сатып алуға жұмсалған. 

Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев министрлік тізгінін ұстаған 1 жылда не істеді

"Оның ішінде серверлер, интерактивті тақталар, компьютерлер, лицензиялық бағдарламалар бар. 2 миллиард теңге ұлттық білім беру деректер базасы мен оқуды басқару жүйесіне бағытталды. Ұлттық білім базасын бүгінде пайдаланып жатырмыз және оны әрі қарай дамытудамыз. Ол ақпараттық жүйеміздің негізі болып табылады. Ал оқуды басқару жүйесі ескірген, қаржыны қажет етеді, біз оны электронды күнделікке ауыстырып жатырмыз. Электронды күнделікті нарықтан тегін аламыз", — деді ол. 

Министр атап өткендей, қалған бір миллиард теңге бейне және интерактивті сабақтарға жұмсалған.

"Оларды бүгінде мектептерде ақысыз негізде пайдаланамыз. Әрі қарай бұл сабақтарды өзіміз жасамауды ұйғардық. Өйткені нарықта компаниялар ұсынатын сапалы өнім бар", — деді Сағадиев. 

Жаңалықтар
0