АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Finprom.kz қаржы порталының сараптамасы бойынша, қазақстандықтар әуе тасымалдаушылардың қызметіне жиі жүгіне бастады.
"2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында әуе жолымен қатынаған жолаушылар саны 12%-ға артты, ал әуе тасымалдаушыларының кірісі 19%-ға көбейіп отыр. Жолаушылар тасымалының жалпы көлемінде әуе компанияларының алатын үлесі 55%-ға дейін артты", — делінген сараптамада.
Әуе жолдары кірісінің артуы екі факторға негізделеді: жолаушылар санының ұлғаюы және тасымалдаушылар қызметінің бағасы қымбаттауы.