Қоғам

Қазақстандық әуе компаниялар енді Транссібір бағытын пайдаланады

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Транссібір бағытының арқасында қазақстандық әуекомпаниялар Улан-Батор мен Токиоға жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік алады

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қазақстандық әуекомпанияларға Транссібір бағытын пайдалану арқылы ұшу құқығы берілді деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму министрлігі.

Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстандықтар Қытайға күнде ұшу мүмкіндігіне ие болды

Қазақстан мен Ресейдің қалыптасқан екіжақты серіктестік ынтымақтастығының негізінде Ресей Федерациясы территориясының әуе кеңістігімен ұшу мәселесі жөнінде келісім жасалды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша, қазақстандық әуекомпанияларына Ұлан-Батыр мен Токиоға кедергісіз жаңа бағыт ашуға мүмкіндік беретін Транссібір бағыты жүйесін қолдану арқылы ұшу құқығы берілді.  Аталмыш мәселе ұзақ уақыт талқыланды.

Сонымен қатар, қазақстандық тасымалдаушылар Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша күн сайынғы рейстер орындау құқығын алды. Тараптар келісімді хат алмасу жолымен бекітті.

Жаңалықтар
0