АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. 2017 жылы аптасына жеті Алматы-Пекин рейсі, төрт Астана-Пекин рейсі жіберіледі деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігі басшысы Жеңіс Қасымбек.
"Біз көршілес мемлекетпен авиация саласында белсенді түрде серіктестік жасауды жоспарлап отырмыз. Пекиннен бөлек, Астана-Үрімші, Алматы-Үрімші бағыттары да қосымша рейстермен қамтылады", — деп атап өтті министр.
Қасымбек берген мәліметке сүйенсек, екі жақты келіссөздер барысында жақсы конструктивті диалог қалыптасты және елдер арасындағы ынтымақтастық жан-жақты стратегиялық серіктестікке айналуда.