АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел тұрады деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитет сайты.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 15-20 м/с. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 18 м/с.