Саясат

Елбасы Атамбаевтың сөзіне қатысты: бауырлас екі елдің қарым-қатынасына сызат түспейді

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуі
Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан бауырлас, көршілес елге көмегін көрсете береді

АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Euronews телеарнасына берген даулы сұхбатына қатысты пікір білдірді.

Еске сала кетсек, Атамбаев Еуропаға жасаған іс-сапары барысында Euronews арнасына берген сұхбатында Қазақстан туралы былай деген еді: "Егер біз Еуразиялық экономикалық одаққа кірмесек, бізге блокада қаупі төнді. 2010 жылы Қазақстан бізге 1,5 айға шектеу жасады, тіпті бізде адам құрбандары да болды". 

Маулен Ашимбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Депутат Атамбаевтың мәлімдемесі туралы: ішкі саяси тартыс себеп болуы мүмкін

"Жақында біздің премьер-министр Қырғызстанда болып келді, президент Атамбаев оны қабылдады. "Өзімнен сондай ағаттық кетіпті, оған неге көңіл бөлесіздер деп», ол да айтып жатыр. Екінші жағынан ұлы Абайдың: "Қырғыз-қазақ бір туған дегенді дүниеде қолдамайтын ешкім жоқ", деп айтқан сөзі бар. Сондықтан біз көршілес елміз. Президенттер, басшылар келеді, кетеді екі халық қалады. Оған онша көңіл бөле бермеу керек, оларда сайлау болып жатыр, жағдайлары қазір басқаша, өзгертіп жатыр, парламент сайлауы да болады. Сайлау кезінде болады ғой барлығы. Түсіндіре кететін жағдай, 2010 жылды айтты ғой ол, сол жылы быт-шыт болып, төңкеріске ұласып, заңды отырған президентті құлатып, қуып шығып жатқан кезде, түрмедегі кісілерді шығарып жіберді, барлық сотқарлар бізге қарай лап еткен кезде, жаптық шекараны, болашақта солай болатын болса, тағы да жабамыз. Қай мемлекет жаппайды шекарасын?! Түркия да жауып жатыр, олардан кезінде Өзбекстан да жапты, Тәжікстан да жапты. Сондықтан, ол жерде ешкімнің кінәсі жоқ, кінә сол жерде болған жағдайда", — деді Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде.

Елбасының айтуынша, Қазақстан бауырлас, көршілес елге көмек қолын созудан бас тартқан емес, алда да көмек көрсете бермек.

"Керісінше, елдің ішінде азаматтық соғыс орын алмасын деп мен Бәкиевті елден алып шықтым. Оның төңірегінде қаруланған өте үлкен топ болатын. Бішкекке барып, барлығын қиратамыз деп отырған кезінде, Отынбаева ол кезде мемлекеттің басшысы болатын, соның қолхатымен, оны алып кетуді сұраймыз дегеннен кейін, ұшақтарды жіберіп, әскерилерді жіберіп, мен алып шығып, соны тыныштатқанмын. Сондықтан оған мән бере берудің қажеті жоқ, саясаткер болу үшін, ел басқару үшін, кәдімгідей пілдің терісіндей, терің болу керек. Ол өтімді-кетімді, бүгін айтты, ертең кетеді сөз деген. Әрине басшы болғаннан кейін, әр сөзді ойланып сөйлеу керек", — деп атап өтті Назарбаев.

"Жалпы туысқан, бауырлас екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа сол арқылы сызат түседі деп мен ойламаймын. Жағдайлары оңай емес олардың да. Көмектесіп отырмыз, әлде де көмектесе береміз. Жақында біз 40 миллион ақша бөлдік. Шекарада зертханаларын үнемдеу үшін, бізге ет, сүтін әкелу үшін 40 миллион доллар бердік. Мен ақша жіберіп, Ошта барлығы қирап қалған кезде 2 мектеп салғыздырдым. Гуманитарлық көмекті де беріп тұрамыз. Сондықтан біз ағайынбыз ғой, көршілес. Қырғызстанның да, Өзбекстанның да, Тәжікстанның Қазақстанда шығар жолы, теміржолы да бізден, автокөлік жолы да бізден, ұшақтары да бізден келіп отырады, байланыс та бізден. Достықты сақтау керек. Бірлікті сақтау қажет. Одан артық қазына жоқ", — деді Президент.

Жаңалықтар
0