Оқиға

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтіріген жүргізуші табылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуКөлік
Көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмысты ашып, күдіктіні ұстауға төрт күн кетті

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Алматы облысы полициясы жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен шопырды тапты деп хабарлайды ішкі істер департаменті.

Алматыда қызды қағып өлтірген көлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда қызды қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Наурыздың 12-сінен 13-іне қараған түні Жамбыл ауданы Қарғалы аулы көшелерінің бірінен 56 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Сот сарапшылары анықтағандай, ер адам белгісіз бір көліктің астына түсіп қаза тапқан. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

"Оқиға орнын мұқият тексеру барысында көліктің сынған бөліктері табылған. Сол бөліктерді зерттеген полицейлер жаяу жүргіншіні Nissan Tiana көлігі қаққандығын анықтады. Кейіннен автокөліктің өзі де табылып, шопырдың жол апатына қатысы бары дәлелденді", — деді полиция.

Ұсталған жүргізуші 1992 жылы туған, көрші Үмбетәлі ауылының тұрғыны екен. Ол кінәсін мойындап, түсініктеме берді.

Жаңалықтар
0