АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Алматыда қызды қағып өлтірген шопыр оқиға орнынан қашып кетті, қазір оны полиция іздестіріп жатыр.
Куәгерлер хабар бергендей, оқиға кеше түнде Жұбанов көшесі бойында, Саин және Алтынсарин көшелерінің арасында болған. Белгісіз бір көлік Жұбанов көшесімен батыс бағытта келе жатып, қызды қағады да, оқиға орнынан қашып кетеді.
Жол апаты салдарынан қыз көз жұмған. Полиция айыптыны іздеп жатыр.