АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша алдын ала тыңдау Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта басталды деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
Сот ашық режимде өтіп жатыр. Басты сотталушы Мұхтар Әблязовтың өзі сот отырысына келген жоқ. Банктің бұрынғы басшысы 2009 жылдан бері қашып жүр, қазір Францияда.
Сотталушылар қатарында БТА Банктің бұрынғы топ-менеджменті бар – БТА Банк төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, несиелеу бойынша бұрынғы директор Қайрат Садықов және басқарманың бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш. Олардың бәрі ірі көлемде қаражат қымқырғаны үшін айыпталып отыр.