АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Депутат сенаттары ЭКСПО-2017 көрмесі өткен соң қалатын кейбір тұрғын нысандарын Астана ЖОО студенттеріне беруге ұсыныс жасады.
Бұл ұсынысты бейсенбі күні жалпы отырыста сенат депутаты Владимир Редкокашин жеткізді. Оның сөзіне сүйенсек, "Астана" медициналық университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұжымдарының кездесуі барысында студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге көмек сұралған екен.
"Біздің пайымдауымызша, бұл мәселені шешу үшін "Астана EXPO – 2017" халықаралық көрмесі аяқталған соң босайтын кейбір тұрғын нысандарын Астана" медициналық университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, елорданың басқа да ЖОО-на Студенттер үйін жайғастыруға берген жөн", — деп түйіндеді Редкокашин.