АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Қазақстан Парламентінің сенат депутаттары Ембі полигонын жалға беру және пайдалану шарттары турлаы Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімдердің қызметін тоқтатуды қарастыратын хаттаманы ратификациялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бейсенбі күні жалпы отырыста сенаторлар Ембі полигонын жалға беру және пайдалану шарттары туралы ҚР мен РФ арасындағы Келісімдер, сондай-ақ Ембі сынақ полигонын жалға беру туралы екі ел үкіметтерінің арасындағы Келісімшарттың қызметін тоқтату жөніндегі шаралар туралы Ресеймен бірге жасалған хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Хаттама қағидаларына сәйкес, Ембі полигонын қабылдау және қайтаруды тараптардың өкілетті өкілдерінен құралған бірлескен комиссия атқарады. Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров атап өткендей, полигонды пайдалану бойынша міндеттерді орындау жөнінде ресейлік тарапқаа айтылатын ешқандай наразылық жоқ. Оның сөзіне сүйенсек, полигонды қайтарып алу өңірдің экономикалық дамуына жағымды әсер етеді.
Дәлірек айтқанда, қайтарылған жерлер ауыл шаруашылығы және табиғи қазба-байлықтарды алу мақсатында пайдаланылатын болады.